Басты Жаңалықтар Жапонияда орман өртінен бір адам қаза тапты

Жапонияда орман өртінен бір адам қаза тапты

Жапонияда орман өртінен бір адам қаза тапты. Тілсіз жау елдің солтүстік шығыс жағалауындағы Офунато қаласын шарпыған. 90-ға жуық үй күлге айналды. 3,5 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

Жергілікті полиция мен өрт сөндірушілер өрт кезінде зардап шеккен адамдарды іздестіріп жатыр. Бұған қоса жалын аумағы кеңеюі мүмкін екені ескертілді.

Арай Төлегенқызы

Бөлісу