Енді ескі көлік иелері Алматыға кіру үшін ақы төлейді
Енді ескі темір тұлпар тізгіндегендер Алматыға кіру үшін ақы төлейді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты. Ал су жаңа техникалар мен электрлі көлік иелері үшін жол жүру тегін болмақ. Бүгінде алып шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту үшін 2025-2027 жылдарға арналған бағдарлама әзірленген. Бұл ең бірінші мегаполисті түтіннен арылтуға, екіншіден аймақтағы кептелісті реттеуге септігін тигізеді, - деді Досаев. Жоспар бойынша алғашқы шектеулер келесі жыдың соңына қарай енгізіле бастайды.
Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:
Көлік реформасын 2026 жылдың соңына дейін толығымен аяқтау жоспарланған. Шектеулер төлем арқылы болады. Мысалы Алматыда тіркелген көлік заманауи экологиялық талаптарға сай келмесе, көлік иесі қаланың кей аймақтарына кіру үшін ақы төлейді. Біз қазір бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру үстіндеміз.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33