Президент Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдету мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер іздеу, көлік-транзит байланысы үшін қолайлы жағдай жасау жолдары қарастырылды. Бұдан бөлек, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және су-энергетика саласындағы ықпалдастық мәселелеріне айрықша мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазіргі таңда қазақ-қырғыз ынтымақтастығы қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Құрметті Садыр Нургожоевич Жапаровтың Қазақстанға былтыр жасаған ресми сапары екіжақты ықпалдастығымызды жаңа деңгейге көтерді. Осы сәтті пайдаланып, құрметті Садыр Нургожоевичке жылы лебізімді жеткізуіңізді сұраймын.
Адылбек Касымалиев, Қырғызстан Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы:
Керемет Астана шахарында, қонақжай қазақ жерінде қырғыз делегациясына уақыт бөліп, қабылдап жатқаныңыз үшін сізге терең разышылық білдіремін. Біздің Президентіміз бауырлас Қазақстанмен достық және тату көршілік қарым-қатынасты әрдайым арттыруға зор мән беріп, қолдау білдіріп келеді.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 14:24

Ақтауда «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады
10.09.2025, 14:21
Петропавл студенттері телефон қосымшасын жасап шығарды
10.09.2025, 14:18
Жолдау қоғамдық-саяси және экономикалық даму тұрғысынан талданды
10.09.2025, 14:15
Сербия саясаттанушылары Жолдауға үн қосты
10.09.2025, 14:12
Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс
10.09.2025, 14:09
Жеті жеңіл ұшақтың рұқсатсыз ұшып жүргені анықталды
10.09.2025, 14:06
Дохада зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
10.09.2025, 14:03