Бельгияда теміржолшылар 9 күндік ереуіл жариялады
Бельгияда теміржолшылар 9 күндік ереуіл жариялады. Машинистердің, жолсеріктердің жұмысқа шықпауының салдарынан қалаларалық пойыздардың басым бөлігі тоқтады. Қазір он пойыздың бесеуі ғана жүріп тұр. Брюссель-Амстердам бағытына қатынайтын халықаралық пойыз да жолға шықпады. Теміржолшылар үкіметтің зейнетақы реформасына, қатаң үнемдеу саясатына қарсы. Машинистердің тәуелсіз кәсіподағы ұйымдастырған наразылық акциясы 2 наурызға дейін жалғасады.
Мари Поль, турист:
Брюгге қаласын көру үшін Парижден арнайы келіп едім. Ереуілдің кесірінен жоспарымыз күл-талқан болды. Енді қонақ үйге оралуға мәжбүрмін.
Луик Ван Борн, Брюссель қаласының тұрғыны:
Мен Кнок қаласына, одан әрі Остенд, Брюгге қалаларына сапарлауым керек еді. Үкімет пен теміржолшылардың проблемасынан неге біз зардап шегуіміз керек?
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33

Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58
Мәйіттік донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды
06.09.2025, 17:56
«Қаражанбасмұнай» компаниясында 5 мың адам еңбек етеді
06.09.2025, 17:32