Басты Жаңалықтар Зеленский Украинадағы бейбітшілік үшін президенттіктен кетуге дайын екенін мәлімдеді

Зеленский Украинадағы бейбітшілік үшін президенттіктен кетуге дайын екенін мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский президенттік қызметтен кетуге дайын екенін мәлімдеді. Мұны Украинадағы бейбітшілікке немесе елдің НАТО-ға мүше болуына айырбастауға болатынын алға тартты.
Бұған қоса Зеленский Украинаның қауіпсіздігі басты мақсат екенін және ондаған жылдар бойы билікте қалмайтынын да айтты. Сондай-ақ Украина президентінің айтуынша, өзін халықтың 65 пайызы қолдайды. Ол елде президент сайлауы әскери жағдай күшін жойғаннан кейін өтетінін айтты.
Айта кетейік, бүгін Украина мен Ресей арасында қарулы қақтығыстың басталғанына тура 3 жыл. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атап, оны украиналықтардың 4 пайызы ғана қолдайды деген еді.
Арай Төлегенқызы

Бөлісу