«Алаш» партиясының 100 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға Ресей, Татарстан, Өзбекстан елдерінен ғылыми қызметкерлер келген. Олар өздерімен бірге құнды құжаттарды да әкелген. Конференция барысында «Алаш Орда» үкіметінің тарихы жөніндегі аса ерекше объективті дереккөздер, сайма-сай құжаттар және естеліктердің түпнұсқалары көрсетілді. Жиынға қатысушылар тарихты түгендеп, фактілерді құжаттармен қуаттау тұрғысында кең талқылау өткізді. Бұдан бөлек, тарихи құжаттар көрмесі ұйымдастырылды.
Азамат НҰҒЫМАНОВ