Алматыда сәулетшілер бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сәулетшілер бас қосты

30.06.2017

«ХХІ ғасырдағы жаңа құрылыс трендтері». Алматыда осындай атаумен архитектуралық-құрылыс саласындағы білім сапасына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара техника ғылымдарының докторы, академик Асқар Құлыбаевтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Алқалы жиында құрылыс материалдарының қасиеттері және адам психологиясына әсері туралы сөз болды. Бұдан бөлек, белді ғалымдар ғылым, білім беру және құрылыс нарығының интеграциясын саралады.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу