Хабарымызды шұғыл жаңалықпен бастаймыз. Бүгін Екібастұзда сауда үйінің төбесі құлады. Оқиға кешкі 6-лар шамасында болған. Қаладағы ең үлкен «Maxi Mall» сауда үйінің ғимарат ішінде 150 шаршы метр алаңға аспалы төбе опырылып түскен. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 7 минутта жеткен. Апаттан зардеп шеккен 3 адам ауруханаға жатқызылса, бір адам жедел жәрдем бөлімшесіне жеткізілген. Ал 2адам жедел көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілген.
