Елде су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
Қазір елімізде су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бұл құрамда Төтенше жағдай, «Қазгидромет», «ҚазАвтоЖол», Ұлттық Ұлан, «Қазсушар» сынды бірнеше мемлекеттік органдардың мамандары бар.
Олар қауіпті аймақтарды алдын-ала анықтап, жедел әрекет етуде. Қазір болжам бойынша еліміздің 9 өңірінде су басу қаупі жоғары. Жалпы, 1 223 елдімекен бар.
Алдын-алу мақсатында 74 өзеннің түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Жағалаулар нығайтылып, арналар тазартылды. Зардап шеккендерді қабылдау үшін 3,5 мыңнан астам арнайы пункт дайын.
Әсет Жылқайдаров, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі комитет төрағасының міндетін атқарушы:
Қорғаныш бөгендерін нығайту, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту, инертті материалдарды алдын ала дайындау бойынша іс-шаралар пысықталды. Сондай-ақ халықты құлақтандыру, зардап шеккендерді эвакуациялау және орналастыру механизмі тексерілді.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 14:24

Ақтауда «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады
10.09.2025, 14:21
Петропавл студенттері телефон қосымшасын жасап шығарды
10.09.2025, 14:18
Жолдау қоғамдық-саяси және эконмикалық даму тұрғысынан талданды
10.09.2025, 14:15
Сербия саясаттанушылары жолдауға үн қосты
10.09.2025, 14:12
Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс
10.09.2025, 14:09
Жеті жеңіл ұшақтың рұқсатсыз ұшып жүргені анықталды
10.09.2025, 14:06
Дохада зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
10.09.2025, 14:03