Басты Жаңалықтар Қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды

Қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды

АЛМАТЫ

Қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері елге орала бастады. Оларды әуежайдан жақындары мен жанкүйерлері ерекше қошаметпен күтіп алды.

Алматылықтар конькимен жүгіруші күміс жүлдегер Евгений Кошкин мен фристайл-акробатика командасын қарсы алды. Фристайл-акробатика командасы төрт медаль иеленді. Соның ішінде ерлер құрамасы топ жарды. Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов тарихи алтынды еншілеген еді. Спортшылар жарыс кезінде жанкүйерлердің ерекше қолдауын сезіндік дейді.

Шерзод Хаширбаев, Қысқы Азия ойындарының фристайл-акробатикадан алтын медаль иегері:

Жарыс өте керемет өтті. Эмоция өте жақсы. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Дайындықты біз жаздан бастадық. Сол дайындықтың нәтижесі міне екі медаль алдық. Бұл медаль мен үшін маңызды.

АСТАНА

Қысқы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленген конькишілеріміз Надежда Морозова мен Дарья Важенина да елге оралды. Оларды астаналықтар күтіп алды. Әуежайға жанкүйерлер мен Туризм және спорт министрлігінің өкілдері келді. Қос спортшымыз конькимен жүгіруден сынға түсті. Аталған жарыс түрінен биылғы Азиадада 14 жүлде сарапқа салынып, Қазақстан құрамасы ел қоржынына бір күміс пен бір қола медаль салды.

Айдана Қуантхан

Нұрсұлтан Тілектес





Бөлісу