Актер Әлімғазы Райымбеков пен журналист Бейсен Құранбекке «Талдықорғанның құрметті азаматы» атағы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Актер Әлімғазы Райымбеков пен журналист Бейсен Құранбекке «Талдықорғанның құрметті азаматы» атағы берілді

02.10.2017

Талдықорғандықтар қала күнін атап өтті. Алматы облысының орталығы күннен-күнге кеңейіп, өсіп-өркендеп келеді. Қазірдің өзінде Талдықорған тұрғындарының саны 172 мыңға жуықтады. Соңғы сегіз айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 43 млрд теңгеден асты. Жыл басынан, шаһар экономикасына 30 млрд теңгедей инвестиция тартылды.

Қала күніне орай, «Жастар» саябағында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген тұрғындарға «Талдықорғанның құрметті азаматы» атағы берілді. Олардың қатарында әйгілі актер, «тақиялы періште» атанып кеткен Әлімғазы Райымбеков, журналист Бейсен Құранбек бар. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу