Ресейдің Ленинград облысында мазут тиелген танкер апатқа ұшырап, сондағы 130 мың тонна отын теңізге төгілуі мүмкін. Осыған дейін Кубань өлкесінде дауылдың салдарынан екі танкер соқтығысып, апатқа түскен еді. Салдарынан Қара теңізге мазут төгіліп, 10 мыңға жуық құс қырылды, тағы бес мың құс оңалту орталықтарына жіберілді. Қара теңізді мазуттан тазарту жұмыстары әлі жалғасуда. Мамандар екі апаттан кейін экологияға айтарлықтай зиян келгенін, тіпті мұны ең ірі экологиялық катастрофа екенін айтады.
Индира Бегайдар
