Қазақстан құрамасы хоккейден плей-оффқа шықты
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы басты қарсыластардың бірі Оңтүстік Корея командасын 2:1 есебімен тізе бүкітірді. Осылайша хоккейшілеріміз сайыстың плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұған дейінгі соңғы жарыста ел қоржыны екі медальмен толыққан еді. Атап айтсақ спортшыларымыз фристайл-акробатиканың аралас командалық сайысында күміс медаль, сондай-ақ шаңғы жарысында 10 шақырымдық еркін стильде қола жүлде жеңді.
Ресми статистикаға тоқталсақ, қазір Қазақстан қоржынында 9 медаль бар. Оның біреуі алтын, бесеуі күміс, үшеуі қола. Медаль саны бойынша бірінші орында сайыс иелері Қытай. Оның еншісінде 54 медаль бар, Екінші орынға 30 медальмен Оңтүстік Корея жайғасқан. Ал үштікті 17 медальмен Жапония құрамасы түйіндеп тұр.
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
