Павлодар облысындағы ең шалғай ауылға су құбыры тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы ең шалғай ауылға су құбыры тартылды

08.02.2025

Павлодар облысында ең шалғайда орналасқан Шұға ауылына сапалы ауыз су жеткізілді. 36 үйі ғана қалған ауыл тұрығындары енді суды құдықтан емес, үйдегі краннан алады. Бұл игілікке қол жеткізу үшін бюджеттен 247 млн теңге қаржы бөлініп, 5 шақырымнан артық құбыр тартылды. Себебі тұрғындар соңғы уақытта бүйрек ауруы, өтке тас жиналу сынды дертке жиі шалдыға бастаған. Ауылға сапалы ауыз су жеткенін естіген адамдар қаладан кері қайта бастаған. Жалпы өңірде 352 елдімекен бар. Солардың 97 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды.

Елеусіз Рахымжанова, Шұға ауылының тұрғыны:

Міне қазір бізде жылы су, суық су да бар. Суымыз тұщы. Тіршілік көзі су болғандықтан алыс кеткен ауыл адамдарының балалары қайтадан келіп жатыр. «Елден ел кетсе жұт, елге ел қосылса құт» дейді. Балаларымыз, азаматтар кәсіппен айналысып, ауылымызды көркейтіп жатыр.

Болат Аманбай

Хабарламаларға жазылу