Жұмысшы мамандықтарды игерген жастар зор құрметке лайық. Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында осылай деді. «Жаңа адамдар» қозғалысы қазір ел бойынша өздерінің азаматтық ұстанымдарын ашық әрі белсенді білдіріп жүр. Қасым-Жомарт Тоқаев, оларға ризашылығын айтып, әр жетістігіне қуанатынын, әр бастамасын қолдайтынын жеткізді. Қазір елімізде жастарға барлық мүмкіндік жасалған. Дүниеге келген әр сәби ұлттық бағдарламалардың қатысушысына айналады. Мектепте тегін білім алып, жоғары оқу орнына грант ұтып алуға да мүмкіндік зор. «Болашақ» бағдарламасымен мыңдаған жас шетелде білім алып жүр. Жас кәсіпкерлер мен отбасыларды қолдауға айрықша мән беріледі. Бұл балалар мен жастарға жасалған жағдайдың бір парасы ғана. Енді сол жұмыстардың нәтижесін жастар ақтауы керек, - деді Мемлекет басшысы.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент: Mен жастарға үлкен сенім артамын&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/206529/)