Үндістанның Резервтік банкі 2020 жылдан бері алғаш рет негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Бұл көрсеткіш 6,2 пайызға қысқарған.
Ақша-несие саясатын жеңілдету арқылы қаржы институты бәсеңдеп қалған экономиканы ынталандыруға ниетті. Инфляция болса мақсаттағы 4 пайызға түскен. Өндірістік сала мен корпоративтік инвестициялар қолдауды қажет етеді.
Үндістан үкіметінің болжамына сай, биыл экономика өсімі 6,4 пайызға жетпек. Алайда бұл соңғы 4 жылдағы ең төмен көрсеткіш.
Арай Төлегенқызы
