Қарағандыда бір топ пәтер ұрылары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда бір топ пәтер ұрылары ұсталды

06.02.2025

Қарағандыда зейнеткердің үйін тонап, 7 миллион теңгесін қолды қылған пәтер ұрылары ұсталды. Полицейлер мен «Арлан» жасағы жүргізген арнайы операция барысында 23-36 жас аралығындағы 5 күдікті құрықталды. Олар былтыр қараша-желтоқсан айларында бірнеше пәтерді тонағаны белгілі болған. Бір пәтерден 1,5 миллион теңге ұрлаған. Тағы бір пәтердегі 60 жастағы тұрғынның құны 7 миллион теңгеден асатын әшекейлерін алып кеткен. Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, әзірге күдіктілердің 7 пәтерді тонап, 15 миллион теңге жымқырғаны дәлелденді. Қазір күдіктілердің басқа да қылмыстырға қытысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу