Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағынан алынған бөгде заттардың фотосуреттері жарияланды. Тергеу нәтижеcі туралы жарияланған алдын ала есепте Бразилия Федеративтік Республикасы, Әзербайжан Республикасы және Қазақстанның құқық қорғау органдарының уәкілетті өкілдерінің яғни, тергеу комиссиясы ұшақтың зақымданған тұстарынан бөгде объектілерді тапқанын айтты. Қазір олар сот сараптамасына жіберілді.
Нұрсұлтан Тілектес