Басты Жаңалықтар ДДСҰ бюджетін қысқартуы мүмкін

ДДСҰ бюджетін қысқартуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бюджетін 400 млн долларға қысқартуы мүмкін. Оның үстіне персоналды жұмысқа алуды тоқтатқан. Бұған Дональд Трамптың Американы БҰҰ-ның агенттігінен шығару туралы шешімі түрткі болған.

Ал Құрама Штаттар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ең ірі доноры екені мәлім. Оның бюджетінің 18 пайызы АҚШ-тың үлесінде. Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейсус Вашингтонды шешімін қайта қарауға, ұсыныстар жасауға үндеді. Трамп АҚШ-ты ұйымнан шығаратынын екі апта бұрын жариялаған еді. Бұл процесс бір жылға созылуы мүмкін.

Арай Төлегенқызы

Бөлісу