Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер тізімін қысқартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер тізімін қысқартпақ

04.02.2025

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер тізімін қысқартпақ. Яғни бұған дейін ақысыз және жеңілдікпен беріліп келген капсула, жақпа, көзге тамызатын тамшылар, инъекцияға арналған ерітінділер сынды 10 шақты дәрі-дәрмек түрі ақылы болады. Ашық «Нормативтік құқықтық актілер» порталында өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 нозология алынып тасталмақ. Ал өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін басқа созылмалы ауруы бар пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту көрсеткіші ұлғаяды. Жоба 14 ақпанға дейін ашық талқылауда болады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу