Несие алып жатқан адамды көрмей, телефон арқылы қарыз берген. Салдарынан ақшаны алу былай тұрсын, сырттай несие аударымы жасалғанынан бейхабар жандар жапа шекті. Биылғы жылдың қаңтар айында Павлодарда осындай 173 алаяқтық іс тіркелді. Оның 126-сы ақпараттық технологиялар саласында.
Асхат Абетжанов, облыстық полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы басқармасының бастығы:
Павлодарда екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар клиенттердің тұлғасын биометриялық сәйкестендірусіз несие берген.
Болат Аманбай