Бас прокуратура Қырғызстаннан қаржы пирамидасын құрған азаматты экстрадициялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура Қырғызстаннан қаржы пирамидасын құрған азаматты экстрадициялады

03.02.2025

Еліміздің Бас прокуратурасы Қырғыз Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында «QI-Trade Kazakhstan» қаржы пирамидасын құрған және басқарған азаматты экстрадициялады.

Аталған топтың мүшелері 2017-2020 жылдар аралығында Қазақстан аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 4,7 мыңнан астам салымшының 15 миллиард теңге қаражатын заңсыз иемденген. Бұған дейін қылмыстық топтың кейбір мүшелері ұсталып, жауапқа тартылған еді. Ал жетекшісіне қатысты халықаралық іздеу жаряланған. Енді ол жауапқа тартылған соң Қырғызстанға қайтарылады. Ол жақта жазасын өтегеннен кейін Қазақстанға келіп тағы түрмеге қамалады. Яғни мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура осы қылмыстық топтың екі мүшесін Ресей мен Польшадан экстрадициялады. Олар қазір абақтыда жазасын өтеп жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу