«Шымкент-Мәскеу» бағытымен шығып, жолда қалып қойған 48 адам эвакуацияланды. Ресми ақапаратқа сүйенсек, автожолдың Ақтөбе облысы тұсында жолаушылар мінген автобус бұзылып, тоқтап қалған. Құтқарушылар қауіпсіз орынға жеткізген 48 адамның 21-і Өзбекстан азаматы. Бүгін де Астана, Алматы және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Синоптиктердің болжамынша, елдің батыс және солтүстік шығыс бөлігінде боран соғады. Күндіз шығыстан жел соғып, оның екіпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Республиканың солтүстік пен батысында қар аралас жаңбыр жауады. Ал оңтүстік, оңтүстік шығысында тұман түсіп, көқтайғақ болады.
Нұрсұлтан Тілектес