Лоббизм мен жемқорлықтың айырмасы неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лоббизм мен жемқорлықтың айырмасы неде?

02.02.2025

Ақтаулық фитнес жаттықтырушы Алина Серікованың өліміне қатысты басты фигурант Нұргелді Сейтқалиев өмір бойына, ал Еркебұлан Аманқос – 16 жылға, Жалғас Үсенғалиев – 13 жылға, Дархан Құлбас – 13 жылға, Аралбай Мерей дегендер 13 жылға сотталды.

29 жастағы Алина Серікованы әлгілер көшеде ұрлап әкетіп, ұзақ уақыт қинаған. Сол жағдайдан кейін бойжеткен өз-өзіне қол жұмсаған.

Осы аптада тағы бірнеше атышулы қылмыстық істер бойынша сот үкімдері шықты. «Дикий Арман» деген лақап аты бар Арман Жұмагелдиев «Қаңтар қырғынын ұйымдастырушы» деп 20 жылға, «Болат Назарбаевтың оң қолы болған» дейтін Елдос Қоспаев ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесі ретінде 15 жылға сотталды.

Қонақүйлердегі вестибюльді lobby атайды. Ал жалпы lobby деген сөз кез-келген кеңістіктің арғы жағы дегенді білдіреді.

Лоббизм деген бар. Бұл енді «сахнаның арғы жағындағы» әрекет. Жеке адамның, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымның жергілікті биліктен бастап жоғары атқарушы билікке, тіпті халықаралық ұйымдарға өзіне керек шешім шығартуы. Соның жолындағы іс-қимылы.

Лоббизм заңмен бекітілген мемлекеттер бар. Бізде де талпыныс болды. Бірақ аяғы сиырқұйымшақтанып кетті. Басқаша болуы мүмкін де емес еді. Себебі заң қабылданса, нарықтың ірі ойыншыларын «сахнаның ар жағынан» шығару керек. Бұл мүмкін бе? Әлі «мұртынан күліп отыр».

Лоббизмді жемқорлықтың бір түрі дейтіндер бар. Рас, ұқсап кетеді. Алайда айырмашылық бар.

Данияр Қайыртайдың сараптамасы.


Хабарламаларға жазылу