Басты Жаңалықтар АҚШ-та санитарлық ұшақ тұрғын үйлерге құлады

АҚШ-та санитарлық ұшақ тұрғын үйлерге құлады

АҚШ-тың Филадельфия штатында 6 адам мінген санитарлық ұшақ апатқа ұшырады. Әуе көлігі тұрғын үйлерге құлап, жарылған. Өрт жақын маңдағы бірнеше үй мен көлікті шарпыды. Жалын екі сағаттан соң өшірілді. Миссури штатына бағыт алған медициналық ұшақ бортында қауіпті дерттен емделіп жүрген мексикалық науқас қыз, оның анасы, екі пилот, дәрігер мен фельдшер болған. Сонымен бірге жерде алты адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. Ұшақ апатына не себеп болғаны белгісіз. Алдын ала болжам бойынша жаңбырлы ауа райы болуы мүмкін. Бұл – АҚШ-та болған екінші әуе апаты. Сейсенбіде Вашингтонда жолаушылар лайнері мен әскери тікұшақ соғылып, өзенге құлады. 67 адам қаза тапты. Апаттың себебі анықталып жатыр.

Арай Төлегенқызы


Бөлісу