Абай облысында 100-ден астам көлік қар құрсауынан шығарылды. Полиция департаментінің хабарлауынша, Аягөзден шыққан көлік жүргізушілері қарлы боранды ескермеген. Жеңіл машиналардан бөлек, автобустар мен жүк көліктері бар. Көлік колоннасын Семей-Алматы тас жолына дейін полиция жасағы шығарып, жолға салған.
Динара Жарқынбек