Қазақтың тарихына қатысты Қазандағы құнды құжаттар. Соның бірі әрі бірегейі - «Біржан мен Сара айтысының» түпнұсқасы. Оның көшірмесін тамыз айында Жетісуға сапарлап келгенінде Татарстан Президенті Рустам Минниханов Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа тапсырған болатын. Сол кітаптың түпнұсқасын өз көзімен көрмек болып Ресейдегі меншікті тілшіміз Нұртас Солтанұлы Қазан қаласына арнайы барып, басқа да бағалы мұраларды тауып қайтты.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ