Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығы туған жерінде тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығы туған жерінде тойланды

18.09.2017

Биыл заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына  - 120 жыл. Бір ғана «Абай жолы» роман-эпопеясы дүниежүзі классикасынан ойып орын алған, әлем таныған Әуезовтің мерейтойы туған жерінде кең көлемде аталып өтті.

Мерейтой барысында «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде іскер азаматтар мен қарапайым халықтың қолдауымен аға сұлтан Құнанбайға ескерткіш қойылды. Сәулет туындысы Балқаш мысынан жасалған, тұғыры – табиғи тас. Салмағы – 12 тонна.

Қазақ күресінен ұйымдастырылған жарыста семейлік Ерасыл Қажыбаев «Мұхтар тойының бас палуаны» атанды. Тай жарыс, топ және аламан бәйге тойды қыздырды.

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу