Қатты дауыл мен жаңбыр Еуропа елдерін әбігерге салды
«Эрминия» дауылы Еуропа елдерін әбігерге салды. Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соққан желдің кесірінен Испанияда 13 мың отбасы жарықсыз қалды. Генуяда қатты дауылдан тіреуіш қабырға құлап, бірнеше адам зардап шекті. Франция мен Италия су тасқынымен алысуда. Францияның Бретань аймағында бірнеше қала су астында қалып, тұрғындар эвакуацияланды. Флоренцияда нөсерлеп жауған жаңбырдан көшелер мен жер асты жолдары суға толып, салдарынан көлік қозғалысы қиындады. Қолайсыз ауа-райы әлі бірнеше күнге созылатынын айтқан синоптиктер тұрғындарға мейлінше сақ болуды ескертті.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33

Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58
Мәйіттік донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды
06.09.2025, 17:56
«Қаражанбасмұнай» компаниясында 5 мың адам еңбек етеді
06.09.2025, 17:32