Дубай шоколады мен «Shine muscat» жүзімі санитарлық талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубай шоколады мен «Shine muscat» жүзімі санитарлық талапқа сай емес

28.01.2025

Дубай шоколады, «Shine muscat» жүзімі сынды сұранысқа ие тауарлар санитарлық талаптарға сай болмай шықты. Олар тауар таңбалаудан өтпей қалған. Яғни өнімнің құрамы, өндірілген уақыты мен сақтау мерзімі, өндіруші компания туралы ақпараттар толық емес.

Мұхамғали Арыспаев, Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Кемшілік бойынша өндірушілер, сатушылар 22 млн-нан астам айыппұл төледі. Сондай-ақ, сәйкес болмаған тауарлар дүкен сөрелерінен алынып, өнім өндірушілерге қайтарылды.

Бұл тауарлардан бөлек, тағы 119 өнім сынақтан өтпеді. Олардың қатарында «Доширак» кеспесі, «Беларусь сүті» мен «Пәкістан шайы» бар. Бірінің майлылығы көп болса, енді бірінде химиялық бояулар шамадан тыс. Сондай-ақ, Түркия, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен шыққан оқушы сөмкелері, мектеп формасы мен ойыншықтар да талапқа сай келмейтін тауарлар қатарында. Астана Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жалпы 454 түрлі өнімнен сынама алып, тексеріс өткізген.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу