Түркістандық дәрігерлер 700 грамм салмақпен туған сәбиді аман алып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық дәрігерлер 700 грамм салмақпен туған сәбиді аман алып қалды

28.01.2025

Түркістан облысында дәрігерлер шала туған сәбиді аман алып қалды. Шақалақ былтыр тамыз айында 26 апталық кезеңде дүниеге келген. Салмағы 785 грамм, бойы 32 сантиметр. №1 облыстық перинаталды орталық дәрігерлері сәбидің жағдайын өте ауыр деп бағалаған. Сондықтан алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ағзаларын толық дамыту мақсатында қажетті емін алып шықты. Екі айдан кейін өздігінен тыныс алып, 4 айдан асқанда 4,5 келі салмақпен перзентханадан шығарылды.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу