Бельгияда ұстаздар ереуілдетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Бельгияда ұстаздар ереуілдетіп жатыр

Бельгияда ұстаздар ереуілдетіп жатыр

Бельгияда ұстаздар қауымы жұмысты тоқтатып, 48 сағаттық ереуіл жариялады. Наразылық акциясының алғашқы күні 30 мыңнан астам мұғалім Брюссель көшелерін жауып, шеру ұйымдастырды. Олар үкіметтің қатаң үнемдеу саясатына қарсы.

Айтуларынша, жаңа оқу жылынан бастап мектептерде оқу сағаты үш пайызға қысқартылып, 500 мыңнан аса ұстаз жұмыссыз қалмақ. Сондай-ақ, ереуілшілер биліктен мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайтуды талап етуде. Наразылық акциясының кесірінен Брюссель мен елдің Валлония аймағындағы бірқатар мектепте бүгін екінші күн сабақ болмады.

Натали Волье, кәсіподақ ұйымының өкілі:

Үкімет біздің ақшамызға қол салуды тоқтатсын. Білімнен үнемдесе, ұрпақты қалай тәрбиелейміз. Оның орнына жағдайымызды жақсартсын.

Эмиль Дюпон, математика пәнінің мұғалімі:

Мұғалім жетіспейді, айлық тым аз, сыныпта оқушы көп. Бар жүктемені ұстаздарға артып қойған. Бұлай жалғаса берсе, елдің болашағы не болмақ?

Нұрсұлу Қасым

Бөлісу