Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Үкіметтің кеңейтілген отырысы 1 сағаттан кейін басталады. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған министрлер кабинеті, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері қатысады. Жиында елдің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қортындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалмақ. Былтыр дәл осындай отырыста Президент экономиканы цифрландыру, жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолдануды тапсырған еді. Сондай-ақ медицина, білім беру, креативті индустрия салаларын дамытып, институционалдық орта қалыптастыру жүктелген болатын. Бұл жоспар тиісті түрде жүзеге асты ма жоқ па, бұл сұраққа жиын барысында жауап аламыз.