Басты Жаңалықтар Елде соңғы 3 жыл ішінде 12 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Елде соңғы 3 жыл ішінде 12 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Соңғы 3 жыл ішінде пайдаланылмаған және заңсыз үлестірілген 12 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды. Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов биыл тағы 2 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару көзделіп отырғанын жеткізді. Бірқатар өңірде жайылым тапшылығы бар. Сондықтан қайтарылған жердің 2 млн гектары жайылым ретінде пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, игерілмей жатқан жер де көп. Бұл мақсатта 3 млн гектар жер конкурс негізінде үлестірілді. Қазақстанда 29 млн гектар жер деградацияға ұшыраған. Мәселені реттеу үшін арнайы топ құрылды және Парламентке топырақты қорғау туралы заң жобасы жолданды. 

Ақниет Балтанова

Бөлісу