Ресейде миграциялық талаптар қатаңдатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде миграциялық талаптар қатаңдатылды

24.01.2025

Ресейде көші-қон заңнамасы күшейтілді. Жаңа талап бойынша көрші елге барған отандастарымыз, егер жұмыс істеуге рұқсаты болмаса, бір жылдың ішінде 90 күн ғана Ресейде бола алады. Бұрын 180 күн тұруға рұқсат етілетін. Сонымен қатар енді елге кірерде міндетті түрде биометриялық тексеруден өткізіліп, саусақ іздері алынады. Жаңа жылдан бастап заң бұзған шетелдіктердің реестрі жасалады. Қара тізімге іліккендер елде банк есепшотын аша алмайды, мүлік сатып ала алмайды, көлік айдауға да шектеу қойылған. 

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу