Басты Жаңалықтар Вице-министр: Көктемгі су тасқыны кезеңіне 50% дайынбыз

Вице-министр: Көктемгі су тасқыны кезеңіне 50% дайынбыз

«Су тасқыны кезеңіне 50% дайынбыз». Бұл туралы Су ресурстары және ирригация вице-министрі мәлімдеді. Айтуынша, көктемгі маусымға дейін дайындық 100% жүргізіледі. Көршілес елдермен келіссөздер де оң нәтиже беріп жатыр. Ресей, Қытай, Қырғызстан мемлекеттерімен тұрақты байланыс үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.

Сондай-ақ, жақында «Тасқын» ақпараттық жүйесі іске қосылады. Онда елдегі 135 өзен бойынша нақты болжамдар жарияланады. Республика көлемінде 400-ге жуық бөгеттер жөнделіп, 84 елдімекенде қорғаныс бөгеттері тұрғызылды.

Ал су қоймаларына бұрын-соңды болмаған реконструкция жасалып жатыр. Нақтырақ айтсақ, 3 су қоймасы күрделі жөндеуден өткен. Ал «Астана» және Шығыс Қазақстандағы «Қандысу» қоймаларын қайта жаңғырту үшін дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

Ақниет Балтанова


Бөлісу