«Қазақстан» телерадикорпорациясы жаңа телеөнімдер бойынша ұсыныстарды талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадикорпорациясы жаңа телеөнімдер бойынша ұсыныстарды талқылады

28.10.2022

Телевизиялық сериалдар индустриясының көш басында «Қазақстан» телерадикорпорациясы тұр. Биылдың өзінде 17 телехикая түсіріліп жатыр. Соңғы 2 жылда тарихи сериалдарға бет бұрып, 11 сериал түсірілді. Келер жылға да жоспар көп. Astana Media Week апталығы аясында корпорацияның көркемдік кеңес мүшелері продакшн компаниялармен кездесіп, жаңа телеөнімдер бойынша ұсыныстарды талқылады. Осыған дейін, сериалдар өндірісіне байқау жарияланған болатын. Қазір 50 компаниядан 120 жоба түсті. Конкурс 1 қарашаға дейін жалғасады. Бүгінгі талқылауда 30-ға жуық компания өз өнімдерін ұсынды. Олардың ішінен келер жылғы телесериалдар таңдалып алынады. Жалпы, сериалдар өндірісі бойынша корпорация ашықтық қағидатын ұстанады. Жыл сайын аутсорсинг компаниялар арасында 3 айға дейін жалғасатын байқау өткізіледі.

Мерей Махан, режиссер: 

Жалпы бізге мұндай кездесу үлкен мүмкіндік. Өтсе де, өтпесе де кемшіліктерімізді, осал жерлерімізді аңғаруға себеп десек болады.

Ерболат Әлқожа, продюсер:

Ойымыздағыны жеткізуге тырыстық. Қаншалықты жеткізгеніміз енді көркемдік кеңес мүшелеріне айқын. Біздікі тарихи драма. Оның ішінде экшн бар, барымта деген. Қазіргі жастардың бойына сіңірту. Тарихты жаңғырту.

Әсима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу