Басты Жаңалықтар Ақтауда 5 қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Ақтауда 5 қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Ақтауда 5 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 40-тан аса адам эвакуацияланды. Оның 14-і бала.

Төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушы қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өрт 28А шағын аудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы дәлізде тұтанған. Өрт сөндірушілер келгенде қызыл жалын пәтерлердің бірін шарпып үлгеріпті. Құтқарушылар үйден 32 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Ал автосатымен 6 бала және 4 ересек құтқарылды. Өрт толықтай өшірілді. Жедел жәрдем келіп, тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Абырой болғанда адамдар дін аман, ешкім ауруханаға жатқызылған жоқ.

Аягөз Оралбайқызы

Бөлісу