Енді түнгі тыныштықты бұзғандар 19 660 теңге айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді түнгі тыныштықты бұзғандар 19 660 теңге айыппұл төлейді

13.01.2025

Түнде сағат 22:00-ден кейін тыныштық бұзғандар 19 660 теңге айыппұл төлейді. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қазақстандықтарға жұмыс күндері сағат 22:00-ден, ал демалыс күндері сағат 23:00-ден кейін тыныштық бұзғаны үшін айыппұл салынады.

Айыппұлдың мөлшері мынандай:

Жеке тұлғалар үшін 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Шағын кәсіпкерлер үшін 20 айлық есептік көрсеткіш болса, орта бизнеске – 30, ал ірі кәсіпорындардың айыппұлы да еселенген. Енді олар тыныштық бұзса 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша, яғни, 393 200 теңге шығынға түседі.

Жеке тұлғалар үшін – 5 АЕК (19 660 теңге);

Шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін –20 АЕК ( 78 640 теңге);

Орта кәсіпкерлік субъектілер үшін – 30 АЕК (117 960 теңге);

Ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін – 100 АЕК (393 200 теңге).

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу