Алматыдағы Қазақстан-Британ университетінің студенттері бүгіннен бастап онлайн оқиды. Бұған оқу ғимаратында болған өрт себеп, дейді университет басшысы. Оқу корпустары ретке келтірілгенше осындай шешім қабылдаған.
Айта кетсек, қаңтардың 11-нен 12-сіне қараған түні ғимараттың шатырынан өрт шығып, мәжіліс залы мен бірнеше әкімшілік бөлмеге зақым келген. 120 шаршы метр аумақты алған қызыл жалын 3 сағатта толық сөндірілген. Қалалық ТЖД ешкім зардап шекпегенін, өрттің шығу себебі анықталып жатқанын хабарлады.
Қуан Нұрақын