Би байқауына әлемнің 10 елінен командалар келіп, екі күн бойы жеке және топтық сайыстарда өзара күш сынады. Сайыс арасында халықаралық деңгейде өнер көрсететін бишілер шеберлік сағаттарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жарыста үздік өнер көрсеткен қазақстандық бишілер Оңтүстік Кореяда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Ал, Жетісу төріндегі би фестивалінде Алматыдан келген топ бас жүлдені қанжығалады.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ