Алматыда әуе рейстері әлі кешігіп жатыр
Алматыда жауған қалың қардың салдарынан әуе рейстері әлі кешігіп жатыр. Соның кесірінен жолаушылар діттеген жеріне жете алмай отыр. Қазір бізбен халықаралық әуежайдан Қуан Нұрақын тікелей байланысқа шығып тұр.
- Қуан, ұшақтардың кешігуіне нақты не себеп?
Қуан Нұрақын, тілші:
Біз қазір Алматыдағы халықаралық әуежайдың ішінде тұрмыз. Ауа райының қолайсыздығынан әуе рейстері таңнан бері уақытылы ұша алмай жатыр. Жолаушылардың арасында ұшу уақыты кейінге шегеріліп, 8 сағат ұшақ тосып отырғандар да бар. Рейстердің кешігуіне қалың қардың түсуіне байланысты әуе кемелерінің уақытылы ұша алмағаны себеп. Соның кесірінен ұшақтар кестеге сай жұмыс істей алмай қалды, - дейді Air Astana компаниясының өкілі. Жол тосқан жолаушылардың пікірін білген едік. Соған назар аударайық.
Айта кетсек, Алматыда түнде жауған қардың қалыңдығы таулы жерде 20 сантиметрден асқан.«Казгидрометтің» хабарлауынша, бұл бір айлық норманың 26%. Қаланы қардан тазарту үшін 500-ге жуық техника мен мыңнан аса жұмысшы тартылған. Коммуналдық қызмет түннен бері қауырт жұмыс істеп жатқандарын айтады. Соған қарамастан қала ішінде қозғалыс әлі де қиын.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 14:24

Ақтауда «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады
10.09.2025, 14:21
Петропавл студенттері телефон қосымшасын жасап шығарды
10.09.2025, 14:18
Жолдау қоғамдық-саяси және экономикалық даму тұрғысынан талданды
10.09.2025, 14:15
Сербия саясаттанушылары Жолдауға үн қосты
10.09.2025, 14:12
Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс
10.09.2025, 14:09
Жеті жеңіл ұшақтың рұқсатсыз ұшып жүргені анықталды
10.09.2025, 14:06
Дохада зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
10.09.2025, 14:03