Жаңаөзенде гибридті электр станциясы салынуда
Маңғыстауда күн, жел және газ энергиясымен жұмыс істейтін гибридті электр станцияның құрылысы басталды.
Жоба іске қосылғанда күн электр станциясы 50 мегаватт, жел станциясы 77 мегаватт және газ станциясы 120 мегаватт электр энергиясын өндіреді. Гибридті станция Жаңаөзендегі кәсіпорындарды, мұнай өндіруші компаниялар мен газ өңдеу зауытын электр қуатымен тұрақты қамтуға мүмкіндік бермек. Қазақстанда алғаш жүзеге асып жатқан станцияның құрылысымен Парламент мәжілісінің депутаттары танысты.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
Гибридтік станция деген ұғымды енгіздік және оның қалай жұмыс істейтін механизмдерін заңмен қарастырдық. Қазір бұл жоба іске асып жатыр. 350 млн-дай АҚШ долларын құрайды. Бұлардың жоспары бойынша 2026 жылы күзде бұл станция өзінің толық жобалық қуатына шығу керек.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 14:24

Ақтауда «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады
10.09.2025, 14:21
Петропавл студенттері телефон қосымшасын жасап шығарды
10.09.2025, 14:18
Жолдау қоғамдық-саяси және экономикалық даму тұрғысынан талданды
10.09.2025, 14:15
Сербия саясаттанушылары Жолдауға үн қосты
10.09.2025, 14:12
Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс
10.09.2025, 14:09
Жеті жеңіл ұшақтың рұқсатсыз ұшып жүргені анықталды
10.09.2025, 14:06
Дохада зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
10.09.2025, 14:03