Басты Жаңалықтар Су тасқынына дайындық: 56 жоба іске асуда

Су тасқынына дайындық: 56 жоба іске асуда

Көктемгі су тасқынына дайындық басталып кетті. Осы мақсатта 56 жоба іске асып жатыр.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы 84 елдімекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл аймақтарда 600 мыңға жуық халық тұрады. Жобалар аясында жалпы ұзындығы 310 шақырым бөгет салу қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл жұмыстардың шамамен 40%-ы орындалды. Жұмыстарды Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыстың әкімдігімен бірлесіп атқаруда.

Самал Қабышева

Бөлісу