«Ұлы жібек жолындағы кітап басу» көрмесіне 100-ге жуық сирек кітаптар қойылған

18.08.2017

Сирек кітаптар ұлттық қорындағы ең көне жәдігер - 1735 жылы шыққан қытай жазбалары. Бұл туралы «Ұлы жібек жолындағы кітап басу» атты көрменің ұйымдастырушылары мәлім етті. Үш ғасыр бұрын басылған Мосье Дюкомның кітаптары парсы, үнді, қытай тілдеріндегі қолжазбаларға негізделген суреттерден құралған. Жалпы, көрмеге 100-ге жуық көне жазбалар мен сирек кітаптар қойылған. Шараның ерекше қонағы - қазақ жерінен үш мәрте атпен жүріп өткен Венгрия саяхатшысы. Биылғы сапардың ерекшелігі - оның экспедициясы «Ұлы жібек жолы» бойымен жүріп өтіпті. 

 

Ғазиза МҰХАМЕДЖАН

Хабарламаларға жазылу