Алматыда сирек кітаптар мұражайы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сирек кітаптар мұражайы ашылды

07.12.2020

Алматыда сирек кітаптар мен көне газет-журналдар мұражайы ашылды. Оған Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мұрағатындағы төте, шағатай және ескі латын жазуымен ХIХ-ХХ ғасырларда жарық көрген еңбектер қойылған. Олардың қатарында 1922 жылы үшінші рет басылып шыққан Абай өлеңдерінің жинағы, 50-60 жыл арнайы сақтауда болған Алаш арыстарының еңбектері бар. Сондай-ақ мұражайға «Жаршы» журналы, «Еңбекші қазақ» газетінің алғашқы шығарылымдары, медицина тақырыбындағы кітаптар мен қиссалар да қойылған.

Ғарифолла Әнес, филология ғылымдарының докторы:
Қағаздың өмірі 200-ақ жылға созылады. Қазір тіпті көптеген кітаптарды лупамен де оқи алмайсыз. Өйткені жазуы өшіп кеткен. «Рухани жаңғыру», «Мәдени мұра» деген бағдарламалардың аясында, әрине, көңіл бөлініп жатыр. Бірақ меніңше кітапқа арнайы көңіл бөліну керек. Ол енді тек бүгінгінің мәселесі емес, келешектің мәселесі.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу