Маңғыстауда өрт сөндірушілер күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Маңғыстауда төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Сондықтан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар шырша тігілген орталық алаңдарда, теңіз жағалауында кезекшілікте тұр. Олар туралы Аягөз Оралбайқызының бейнематериалында.
Ақтау қаласындағы нөмірі 1-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Заңғар Абылашов 31-желтоқсан күні осымен 2-рет кезекшілікке түсіп тұр. Жас маман былтыр да дәл осылай тәулік бойы жұмыс істеген. Бұ жолы бригададағы 13 өрт сөндірушімен бірге қызметке сақадай-сай дайын. Айтуынша, мереке күні шақыртулар жиі болады.
Заңғар Абылашов, аға инженер:
Бұл автокөлік бізде ірі өрттерге шығатын болады. бұның сыйымдылығы 5 тонна, ал мындағы екінші жүрістегі автокөліктер біздерде мусорлардың жануына, контейнерлердің жануына шығатын болады. Жауынгерлік киімдері кезекшілікке түсер уақытта өртке киюге жарамды не жарамсыз екені толықтай көзжеткізетін болады. Мереке күні жұмыста жүрген кәдімгі простой күн бізге. Бізге ең бірінші халықтың амандығы керек.
Күшейтілген режимге байланысты төтенше жағдайлар департаментінің басшысы да бүгін қызметкерлердің басы-қасында жүр. Мұрат Мұханов жұмыс барысын жіті бақылап қана қоймай, өрт сөндірушілерді мерекемен құттықтады.
Қалада 6 жерге өрт сөндірушілер бригадасы қойылған. Олар шырша тігілген аймақтарды, орталық көшелер мен теңіз жағалауын бақылауда. Облыс бойынша 150 өрт өндіруші жұмылдырылған. Олар күшейтілген режимде 4-қаңтарға дейін жұмыс істейді. Департамент бастығының айтуынша, соңғы жылдарда өрт сөндіру қызметіне қызығушылық артқан. Мыңға жық адам еңбек етуде.
Мұрат Мұханов, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
Қызығушылақтары өте жақсы қазіргі таңда біздің облысымыз да. Биыл біз 61 адамды қабылдадық жұмысқа. Біздің құтқарушылардың айлығы көтерілді. Енді келесі жылы да кезең-кезеңмен жоспарлар бар. Министрлік қазір сол бағытта жұмыстарынып жатыр. Бұйырса алдағы уақытта көтеріледі деген ойдамыз.
Облыста 13 өрт сөндіру бөлімі, апаттар медициналық орталықтары мен жедел құтқару жасағы жұмыс істейді. Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру техникасымен 95 пайыз, жеке құрам киім-кешекпен 100 пайыз қамтылған.
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
