Басты Жаңалықтар Қайтарылған актив: Жетісу облысында 2,6 млрд теңгеге мектеп салынады

Қайтарылған актив: Жетісу облысында 2,6 млрд теңгеге мектеп салынады

Жетісу облысының Рудничный ауылында жаңа мектеп салынады. Үкімет 2 млрд 600 млн теңге бөлді. Жаңа мектеп заңсыз активтерден қайтарылған қаржыға бой көтереді.

Айта кетейік, Жетісу облысының Рудничный ауылындағы білім шаңырағы апатты жағдайда тұр. 55 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Су, кәріз құбырлары мен жылу жүйесінің тоз-тозы шыққан. Қазір осы ескі ғимаратта 140-тан астам бала білім алып жатыр. Ал жаңа мектеп 200 орынға есептелген. 30 орындық шағын дайындық орталығы болады.

Әсел Болатқызы, Рудничный орта мектебінің директоры:

Қасым-Жомарт Тоқаев ауылға көп көңіл бөлу мәселесін атап өткен болатын. Яғни, бізге жаңа мектеп салынатын естіп қуанышымыз қойнымызға сыймай жатыр. Енді мектеп мәселесіне келетін болсақ, біздің мектебіміз 1970 жылы салынған. Күрделі жөндеу мүлдем жүргізілмеген. 

Самал Қабышева

Бөлісу