Президент Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы Жарлыққа Қол қойды
2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Мақсат, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру. Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдау міндетін Үкіметке жүктеді. Жұмысщы мамандықтарына қандай қолдау көрсетіледі? Самал Қабышева негізгі жаңалыққа шолу жасайды.
Самал Қабышева, тілші:
Техникалық және кәсіптік мамандықтарға бөлінетін білім гранты бірден артты. Биыл 143 мың грант бөлінді. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға көп. Енді, құрметті атақтар инженерлерге, геологтарға, тау-кен, көлік, ауыл және су шаруашылығы қызметкерлеріне, ғалымдар мен өнертапқыштарға да енгізілетін болады. Бұған дейін мұндай марапаттар мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қызметкерлеріне берілді. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялады. Тиісті жарлыққа қол қойды. Қарапайым еңбеккерлер жұмысшылар жылынан өзгерістер күтеді.
Әуесхан Боранбаев, электр жабдықтаушы:
Демалыс күндері де шақырады. Жаңбыр жауса да, қар жауса да күні-түні жүріп қаламыз. Суыққ өтеді. Сол үшін көмек болса дейміз. Материалдық көмек сәл-сәл.
Сайдулла Болысов, учаске бастығы
Санаторияға жіберсе, жер астындағы судың трубалары. Күндіз-түні жұмыс істейміз. Сусыз өмір жоқ. Адамдарға су береміз.
Қайрат Туғанбаев, цех бастығы:
Училищелерге жастар оқуға түсіп, токарь, фрезировщик деген сияқты мамандықты таңдап, өнеркәсіптерге жұмысқа келеді деп ойлаймын.
Самал Қабышева, тілші:
Мемлекет жұмыс істейтін азаматтарды қолдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Биыл ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге өсті. Нәтижесінде, түрлі салаларда жұмыс істейтін 1,8 миллионға жуық жұмысшының табысы артты. Қазақстанда 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақы жыл сайын өсіп жатыр. Осылайша, үш жылда ең төменгі жалақы екі есеге көбейді. Жұмысшылар жылына қатысты әлеуметтанушының пікірін тыңдап көрсек.
Айдар Хамит, әлеуметтанушы:
Ресми статистикаға мән берсек, елімізде 7 млндай жұмысшы қызметкері бар. Жұмыс беруші тарапынан ынталандыратын тетіктер жасалуы керек. Өйткені көп адамдар, жұмысқа тек жалақы төлейтін, жұмыс істейтін жер ғана деп қабылдайды. Мен білетін Жапониядп әрбір адамның кәсіби тұрғыда істейтін, өзінің ұсыныстарын бере отырып, сол өндірістің, еңбек процесін жақсарту тұрғысынан өнеркәсіп бір пайда алады. оған қосымша ақы жағынан мүмкіндіктер жасалады.Наразылықтар болып жатады. жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынастарда, еңбек даулары, сол өзгерістерді реформалау керек.
Самал Қабышева, тілші:
Жыл сайын 500-ге жуық ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді. «Ғылыми-техникалық саясат туралы» Заң да қабылданды. Бұл шаралардың барлығы сіз бен біздің, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолға алынды. Адал еңбек етуге ынталы жандарға мемлекет қашанда қолдау көрсетеді.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33