Сенат үшінші сессия басталғаннан бері 28 заң қабылдады. Оның бесеуіне депутаттар бастамашы болған. Президенттің қабылдауында болған палата төрағасы Мәулен Әшімбаев осындай есеп берді. Қабылданған заңдар Президент жолдаулары мен тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған.
Спикердің айтуынша, жыл басынан бері сенаторлар Үкіметке 67 депутаттық сауал жолдаған. Парламенттің жоғары палатасында 50-ге жуық іс-шара өткізіліп, 40-тан астам халықаралық кездесу ұйымдастырылған. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа келер жылы қыркүйек айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне дайындық барысын баяндады.
Оңғар Алпысбайұлы